Саясат
Тренд

«Маған ешкім «кет» деп жатқан жоқ, керісінше бәрі қолдайды»: Азаматхан Әміртай партия төрағалығынан кетпейтінін айтты

Бұған дейін «Байтақ» жасылдар партиясының сиезінде шу шығып, төрағаны ауыстыруға тырысу оқиғалары болғанын жазған едік.

Сиезден кейін «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртайға журналистер бұған дейін бірнеше партия төрағасы ауысқаны секілді сізге де жоғары жақтан біреулер «кет» жатқан жоқ па?» деген сұрақ қойды.

Алайда Әміртаев мырза бұл жорамалды жоққа шығарды. Айтуынша, ешкім «кет» деп жатқан жоқ.

«Мен ол туралы айта алмаймын, өйткені маған ешкім «кет» деп айтқан жоқ. Осы сайлау алдындағы бір жарым айда мен жиырма өңірді аралап шықтым. Барлық аймақтағы саяси бюро мүшелерімен және партияластарымызбен кездестім. Олардың бәрі: «Біз сізбен біргеміз, құрылтайға бірге кіреміз. Бізге сіздің ұйымдастырушылық әрі көшбасшылық қасиетіңіз, мінезіңіз керек», — деп мені қолдап жатыр деп жауап берді.

Сайлауалды съезд барысында «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай сөйлеп жатқан кезде саяси кеңес мүшесі Асқар Иманалиев өзі сұранып мінберге шықты. Партияның күн тәртібіне көңілі толмайтынын айтып, 2023 жылғы сайлаудағы нәтижеге көңілі толмайтынын, сонымен бірге «Партия төрағасын ауыстыру мәселесін күн тәртібіне қою керек» деген талап қойған болатын.

Алайда, партия төрағасы Азаматхан Әміртай «партия жарғысына сәйкес барлық аймақтың өкілі болу керек»-деген желеумен басшы ауыстыру мәселесін қабылдамауды ұсынды. Ол ұсынысқа бір ғана адам қарсы болып, бұл мәселе күн тәрбінінен алынып тасталды.

@tiekkz “Байтақ” жасылдар партиясының съезінде күтпеген жағдай болды? Жиын барысында саяси кеңес мүшесі Асқар Иманалиев деген азамат өзі сұранып шығып сөз сөйледі. Партия төрағасы қарсылық танытқанына қарамай өз ойын айтпақ болды. Тіпті төрағаны қайта сайлауды күн тәртідіне қоймақ болды. #партия #байтақ #жасыл #жиын #төраға ♬ оригинальный звук — Tiek ақпарат порталы

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button