Қоғам

«Экранды жасанды шоулар мен балаган дүниелер жаулап алған»: актриса Венера Нигматулина кино мамандарын сынға алды

Актриса Венера Нығматулина Қазақстан Халық партиясы атынан үміткер болып, Құрылтайға түскелі жатыр. 

Қазақстан Халық Партиясы съезінің кулуарында актриса Венера Нигматулина заманауи ойын-сауық контенті мен тәрбие жүйесін сынға алды, деп хабарлайды tiek.kz.

Айтуынша, қазіргі кинолар скетчке айналып барады. Экранда ешқандай құндылығы жоқ, көрерменді ізгілікке жетелеуден қалған. Оның орнына бұқараның арзан сұранысын қанағаттандыратын жасанды шоулар мен балагандық дүниелер жаулап алған.

«Кинематографияның қазіргі жағдайына көңілім толмайды. Тек мен емес, бұған кімнің көңілі толады дейсіз? Тіпті осы саладан алыс, кинотеатрға баратын қарапайым көрермендердің арасында сауалнама жүргізіп көрдім. Олар кинодан шыққанда: «Бұл не масқара? Біз бұрын қандай фильмдер болғанын ұмытқан жоқпыз ғой, бәрін көріп, салыстырып отырмыз» дейді. Қазіргі кинематографияға қарап отырып, скетчтерден құралған дүниелерді көргенде, адамдардың шынайы бейнелерді, идеалдар мен өнерді алға сүйрейтін биік талғамды іздеу мүмкіндігінен айырылып жатқанын түсінемін. Өнер адамды алға жетелейтін, биік межелерді белгілейтін дүние болуы керек еді. Ал қазір не болды? Бұл қолдан жасалған, жасанды дүниелердің бәрі жоғары бағаланбайды, тек бұқараның қарапайым сұранысын қанағаттандыру үшін ғана шығарылады. Бұл мәдениет те, өнер де емес, жай ғана шоу. Ал шынайы өнер адамның ішкі жан дүниесін оятып, оның тұлғалық болмысын сезінуіне мүмкіндік беруі тиіс», — дейді ол.

Осының кесірінен еліміздің бай тарихына негізделген ауқымды ұлттық қаһармандардың орнына, балалар Өрмекші-адам сияқты батыстың қолдан жасалған, ойдан шығарылған кейіпкерлеріне еліктеп өсуде.

«Керек болса, мектеп оқушылары «Отан» және «патриотизм» деген сөздердің мән-мағынасын түсінбейді. Бұл үлкен мәселе! Қуатты ұлттық идея мен рухани тірек қалыптаспайынша, кез келген реформа сәтсіздікке ұшырамақ. Ал бұл олқылықтың орнын толтыру — ҚХП-ның басты бағдарламалық міндеттерінің бірі болады», — деп атап өтті Венера Нигматулина.

Айта кетерлігі, актриса Венера Нығматулина Қазақстан Халық партиясы атынан үміткер болып, Құрылтайға түскелі жатыр. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tiek ақпарат порталы (@tiek.kz)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button