«Ауыл» партиясы Құрылтай сайлауына кандидаттар тізімін бекітті

Астанада “Ауыл” партиясының сиезі өтіп жатыр. Сиезде партияның сайлауалды бағдарламасы, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі және Саяси кеңестің жаңа құрамы бірауыздан бекітілді.
Партияның сайлауалды бағдарламасы төрт негізгі бөлімнен тұрады. Құжатта Мәжілістегі партия фракциясының жұмысы қорытындыланып, өңірлерді дамытудың жеті басым бағыты айқындалған. Атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігі, инфрақұрылым, әлеуметтік саясат, білім мен ғылым, экология және дәстүрлі отбасылық құндылықтарға басымдық берілген.
Бағдарламаға елдің 20 өңірінен арнайы цифрлық платформа арқылы түскен 75 мыңнан астам ұсыныс енгізілген.
Съезде партияның жаңа Саяси кеңесінің құрамы да бекітілді. Оның құрамына 29 адам енді. Сондай-ақ Құрылтай депутаттығына ұсынылатын 69 кандидаттың тізімі мақұлданды. Үміткерлердің қатарында ауыл шаруашылығы, білім, бизнес және өзге де салалардың өкілдері бар.



