«Өзіне ұпай жинап жатыр»: Перуашев қарсыластарын пониға теңеген Құспековке жауап берді
Олжас Құспеков өзін "бизнес партиясы" санайтын оппоненттерін пониге теңеген еді.

Бүгін «Ақ жол» партиясының съезі өтіп жатыр. Жиын басталмас бұрын бұрынғы төраға Азат Перуашевтан Respublica партиясы төрағасының орынбасары Олжас Құспековтің сөзіне байланысты пікірін білген еді.
«Біз өз пікірімізді ашық әрі тікелей айтамыз. Ал түрлі сылтаулар айтып, шынайы, ашық сөзден қашуды өз еріктеріне қалдырдық — біз өз жолымызбен келе жатырмыз. «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлікті қолдау бағытын, шағын және орта бизнес өкілі ретінде, 2003 жылдан бері ұстанып келеді. Кейінгі кезде бұл қатарға қосылған азаматтардың да еңбегі бар, олар да өз үлестерін қосуда. Кәсіпкерлікті қолдау ісінде әрқайсымызға жұмыс та, орын да жетеді деп білемін. Сондықтан кімнің қалай қарайтыны — өз еркі. Бәлкім, Олжас бауырымыз өзіне ұпай жинау үшін виртуалды жұмыспен айналысып жатқан болар, ал біз нақты, шынайы іспен айналысып келеміз», — дейді Азат Перуашев.
Олжас Құспеков өзін «бизнес партиясы» санайтын оппоненттерін пониге теңеген еді.



