Саясат
Тренд

«Respublica» партиясының сиезі: Қожаназаров орнын сақтап қалды

«Respublica» партиясының төрағасы болып Айдарбек Қожаназаров қайта сайланды.

Мұндай шешім партияның V кезектен тыс съезінде қабылданды.

Астанада «Respublica» партиясының V кезектен тыс съезі өтіп жатыр.

Іс-шараға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары, Орталық кеңес пен өңірлік кеңестер мүшелері, өңірлік филиалдардың жетекшілері, сондай-ақ ReJastary және ReWomen қауымдастықтарының белсенділері қатысып жатыр.

Съезд барысында партия қызметіне қатысты ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, соңғы үш жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылады. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен міндеттер де айқындалады деп күтілуде.

Жиында алдағы саяси науқандарға дайындық мәселелері де сөз болуы мүмкін. Оның ішінде партияның Ұлттық құрылтай құрамын қалыптастыруға байланысты сайлауға қатысу жоспары жариялануы ықтимал.

Еске салайық, «Республика» партиясы 2023 жылы ресми түрде тіркеліп, сол жылы өткен Мәжіліс сайлауына қатысқан болатын. Кезектен тыс съезд партияның үш жылдық қызметін саралап, алдағы саяси жоспарларын белгілеуге арналмақ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button