
Ерлан Қарин президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады tiek.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығын Ақорда жариялады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Қарин бұған дейін мемлекеттік кеңесші болған.



