Саясат
Тренд

Парламент өзінің соңғы отырысын өткізеді

Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Бүгін Астанада Қазақстан Парламенті палаталарының соңғы бірлескен отырысы өтеді. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Президент парламент сессиясының қорытындысын шығарып, ел дамуының жаңа кезеңіндегі негізгі мақсаттар мен міндеттерге тоқталмақ.

1 шілдеден бастап жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енеді. Осыған байланысты Мәжіліс пен Сенаттан тұратын қос палаталы Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады.

Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстанда бұдан былай заң шығару қызметін бір палаталы Құрылтай жүзеге асырады. Оның құрамына партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.

Президент Құрылтай сайлауын Конституция күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде тағайындауы тиіс. Сайлау екі ай ішінде өткізіледі деп жоспарланып отыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы дауыс беру тамыз айында өтетінін мәлімдеген еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button