Саясат

«Ауылдың» төрағасы ауысты

Ауыл» партиясының төрағасы ауысты. 23 маусым күні өткен партияның кезектен тыс съезінде партия төрағасы Серік Егізбаев қызметінен кететінін мәлімдеді.

Съезд делегаттары бұған дейін партия төрағасының орынбасары болған Қайрат Айтуғановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Экс-төраға Серік Егізбаевтың айтуынша, жаңа төрағаның партиялық жұмыста сабақтастықты қамтамасыз етіп, алда тұрған міндеттерді іске асыруды үйлестіруге зор мүмкіндігі бар.

Қайрат Айтуғанов 1962 жылдың 12 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысының Ленинградское ауылында дүниеге келген.

1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын тәмамдап, ғалым-агроном мамандығын алған.

1990 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын, ал 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының докторы. Докторлық диссертациясының тақырыбы – «Қазақстанның аграрлық саласындағы интеграцияны дамыту мәселелері». Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button