Қоғам
«Қазақстан темір жолы» басшысының жеке бизнесі бар болып шықты

ҚТЖ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов «АСТАНАТРАНСЭКСПРЕСС» ЖШС-нің құрылтайшысы екенін растады.
Оның айтуынша, бұл компания заң талаптарына сәйкес басқаруға берілген және ол тікелей басқару процесіне қатыспайды.
Сондай-ақ компания ҚТЖ-мен немесе мемлекеттік органдармен ешқандай іскерлік байланыста емес екені айтылды. Журналистердің табыс пен қызметке қатысты сұрағына ол басқару функциялары басқа ұйымға берілгенін және кірістерді сол компания басқаратынын жеткізді.
«Мұнда мүдделер қақтығысы жоқ. Барлығы заңға сәйкес рәсімделген. Мен оны басқармаймын. Басқарушы компания бар, ол табыс пен басқа да мәселелермен айналысады», – деді ұлттық компания басшысы.



