Әлем

Мешітте атыс болып, бес адам көз жұмды

АҚШ-тың Сан-Диего қаласындағы ең ірі мешітте атыс болып, бес адам қаза тапты. Олардың қатарында екі күдікті де бар, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға Калифорния штатындағы мешіт пен мектеп орналасқан ислам орталығында болды. БАҚ мәліметінше, қаза болғандардың арасында орталықтың күзетшісі бар. Полицияның пайымдауынша, ол өз әрекетімен одан да ауқымды трагедияның алдын алуға көмектескен.

Шабуылға 17 және 19 жастағы екі жасөспірім күдікті деп танылуда. Кейін олардың денелері ислам орталығынан бірнеше квартал қашықтықтағы көліктен табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар шабуылдан кейін өздеріне қол жұмсаған. АҚШ билігі атысты жеккөрініштілік негізінде жасалған қылмыс деп қарастыруда. Дереккөздердің хабарлауынша, күдіктілердің бірі расистік сипаттағы жазба қалдырған. Сондай-ақ, қолданылған қарудың үстінде де өшпенділікті қоздыратын жазулар болғаны хабарлануда.

Атыс мұсылмандар үшін ең қасиетті кезеңдердің бірі – Зул-хиджа айының алғашқы күнінде орын алды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button