Саясат
Тренд

Тоқаев Түркісанда ашылған жаңа мешітке Шавкат Мирзиёевтің әкесін атын беруді ұсынды

Саммит алдында Тоқаев пен Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті бірге аралап көрді. Бұл – Өзбекстан президентінің Қазақстан халқына тартуы ретінде салынған нысан, деп хабарлады tiek.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке және өзбек халқына екі ел арасындағы рухани байланысты нығайтуға қосқан үлесі мен Түркістанда жаңа мешітті салып бергені үшін алғыс айтты.

Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде Тоқаев жаңа мешіт екі халықтың – қазақ пен өзбектің рухани бірлігінің символына айналатынын айтты.

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, бүгін Түркістанда Өзбекстанның қолдауымен жаңа зәулім мешіт ашылғанын үлкен ризашылықпен атап өткім келеді.   Ерекше тарту жасағаны үшін Өзбекстан Президенті, аса қадірлі Шавкат Миромонұлы Мирзиёевке және өзбек халқына алғысымды білдіремін.   Елдеріміздің руханиятындағы осы мешіттің орны ерекше болмақ. Бұл – қазақ-өзбек халықтары ынтымағының тарихи символы. Менің пікірімше, бұл мешітке «Миромон ата» аты берілсе, өте орынды болар еді. Қос халқымыз бұл шешімді қолдайтынына еш күмән жоқ. Себебі осы қасиетті нысан біздің арамыздағы мәңгі достыққа қызмет етеріне сенімдіміз», — деді президент.

Президент сондай-ақ, мешітке Миромон есімін беруді ұсынды. Миромон Мирзиёев – Өзбекстан президентінің әкесі.

«Бұл мешіт екі елдің рухани өмірінде ерекше орын алады. Ол қазақ пен өзбек халықтарының тарихи бірлігінің белгісі болмақ. Менің ойымша, бұл мешітке Миромон атын беру орынды болар еді. Екі халық та бұл шешімді қолдайтынына күмәнім жоқ. Себебі бұл қасиетті нысан біздің мәңгілік достығымыздың символына айналады», – деді мемлекет басшысы.

Ғимараттың сәулеті исламдық дәстүрлер мен заманауи құрылыс технологияларын ұштастырады. Мешіттің қасбеті мен ішкі бөлігі ұлттық ою-өрнектермен және ислам каллиграфиясының элементтерімен безендірілген.

Айта кетейік, Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев қатысуда. Кездесу күн тәртібінде – жасанды интеллект пен цифрландыру мәселелері қаралған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button