Денсаулық
«Хантавирус қаупіне дайынбыз»: мамандар мәлімдеме жасады

Қазақстан жаңа хантавирус инфекциясының елге келу қаупіне дайын. Бұл туралы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Жайдаркүл Отарбекова мәлімдеді.
Оның айтуынша, хантавирус қазақстандық дәрігерлерге бұрыннан белгілі инфекция. Сондықтан оны анықтау мен оқшаулауға қажетті жүйе дайын тұр.
Әуежайлар мен шекаралық өткізу бекеттерінде вирустық инфекцияларды ерте анықтайтын тепловизорлар орнатылған.
Сонымен қатар елде:
инфекциялық ауруханалар,
оқшаулау орындары,
арнайы инфекционист мамандар жұмыс істейді.
Маманның сөзінше, қауіпті инфекция туралы ақпарат түскен жағдайда барлық қызмет жедел әрекет етіп, науқастар бірден оқшауланады.



