Қоғам
Тренд

Қазақ жігіті Лондонда беделді ауданының мэрі болды (ВИДЕО)

Санжар бұл ауданда мектеп жасынан бері тұрады. Атақты Malvern College колледжін және университетті тәмамдаған.

33 жастағы қазақ жігіті Санжар Әбішев Лондондағы Сент-Джеймс ауданының мэры болып сайланды.

Бұл жаңалықты кәсіпкер Қанат Көпбаев өзінің инстаграм желісінде бөліскен. 

Қазақ жігіт Лондондағы St. James ауданының мэры болып сайланды!

Менің ескі досым, кәсіпкер Азат Абишевтың ұлы Санжар небәрі 33 жаста. Лондондағы атақты Malvern коллежін, сосын университет бітіріп, енді қалалық Westminster City council атқарушы органына мүше болып енді. Консервативті партия өкілі ретінде, бас бәсекелес лейбористерден 350 дауысқа озып шықты.

Құтты болсын Санжар Азатұлы, үлкен саяси шыңдардан көріне бер!», — деп жазған ол өзінің instagram парақшасында.

Сент-Джеймс – Лондонның тарихи орталығында орналасқан беделді аудан. Ол Пикадилли, Pall Mall және Regent Street көшелерінің арасында, Букингем сарайынан жаяу жүретін қашықтықта орналасқан.

Мұнда Сент-Джеймс саябағы мен бүкіл Корольдіктегі ең қымбат жылжымайтын мүлігі орналасқан.
Санжар бұл ауданда мектеп жасынан бері тұрады. Атақты Malvern College колледжін және университетті тәмамдаған.

“Қазақ отбасынан шыққан, британ элитасында туыстары да, байланыстары да жоқ жігіт білімнің, тәртіптің және көпжылдық еңбектің арқасында Лондонның мәртебелі аудандарының бірінің мэрі атанды. Бұл – оның үлкен жолының бастамасы ғана деп сенемін. Санжар Азатұлын шын жүректен құттықтаймын! Өз ауданыңа, қалаңа, еліңе пайдаңды тигізе бер. Және қазақтардың да сені мақтан тұтып, қуанып жүргенін ұмытпа!” – деп қосты Қанат Көпбаев.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қанат Копбаев (@kanat_kopbayev)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button