Саясат
Тренд
Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады
Тоқаев Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 28-30 қазанда Түркияға ресми сапармен барады.
Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен бара жатыр.
«Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Тоқаев Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.



