Қоғам

Дін жолынан тайған экс-дін қызметкері есірткі үшін 4 жылға сотталды: Иаков Воронцовтың ісіне нүкте қойылды

Сот бұрынғы дін қызметкерінің есірткіге байланысты қылмысы бойынша кінәсі толық дәлелденді деп таныды. Қылмыстық іс аясында Иаков Воронцов 4 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Tiek.kz.

Тергеу материалдары мен сот отырысында қаралымға шыққан деректерге сәйкес, бұрынғы дін қызметкерінің заңға қайшы әрекеттері мен тыйым салынған әуестікке бой алдыруы оны темір торға тоғытты. Құқық қорғау органдары мен сот тарапынан барлық мән-жайлар жан-жақты қаралып, нәтижесінде нақты үкім шығарылды.

Ал оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов үкіммен келіспейміз деп, шағым түсіретінін айтты.

«Олар Иаков Воронцовтың үйінен әлгі затты тауып алып, оны бірден кінәлі деп таныды. Алайда ол заттың Воронцовқа тиесілі екенін растайтын ешқандай дәлел жоқ. Сол себепті біз әу бастан-ақ оны айыптауға негіз жеткіліксіз екенін айтып келеміз», – деді ол.

Сот шешімі және істің мәні

Қылмыстық іс аясында сотталушының кінәсі дәлелденіп, ол заңнамаға сәйкес 4 жылдық мерзімге бас бостандығынан айырылды. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиға діни орта мен жұртшылық арасында қызу талқыға түсті.

Бұл жағдай қызметіне немесе қоғамдағы мәртебесіне қарамастан, кез келген азаматтың заң алдында бірдей екенін және заңбұзушылық қатаң жазаланатынын тағы бір мәрте көрсетіп отыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button