Құрылтай депутаты Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Депутаттық мандаты тоқтатылған Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады tiek.kz.
“Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметте Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов отырған еді. Ол президенттің бұйрығымен лауазымынан босатылды.
Бүгін Құрылтай депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдаған еді.
Орталық сайлау комиссиясының өкілі Шавхат Өтемісов 6 қазанда Татьяна Савельевадан депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш түскенін хабарлады.
«Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Татьяна Михайловна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұраймыз», – деді ол.
Депутаттар оның өтінішін бірауыздан қолдады.
Татьяна Савельева 2026 жылғы тамызда Құрылтайдың бірінші шақырылымының депутаты болып сайланған. Ол Қаржы және бюджет комитетінің құрамында болған.



