Никарагуалық ақын қазақ әйелдерінің құрметіне өлең оқыды

Норвегияның Осло университетінде саяси белсенді әйелдер туралы деректі фильм көрсетілді. «Monarca» деп аталатын фильмде никарагуалық саяси тұтқын әйелдердердің өмірі мен азапқа толы өмірі бейнеленген.
Фильмнің авторы никарагуалық ақын Керстин Миранда. Миранданың өзі де саяси белсенді болған. Саяси көзқарасы үшін биліктің қудалауына ұшыраған. Ақыры өміріне қауіп төнген соң елден кетуге мәжбүр болған.
Фильмнің тұсаукесеріне қазақстандық белсенділер де қатыстан. Белсенді Макс Боқаевтың айтуынша, фильм өте әсерлі шыққан.
«Презентацияға мен де қатыстым. Фильм өте әсерлі шыққан. Керстин Миранда Никарагуада туып-өскен ақын әрі белсенді әйел. Өз еліндегі қуғын-сүргінге ұшырап, ақыры Коста-Рикаға эмиграцияға кетті. Керстиннің қуғынға ұшыраған саяси белсенді әйелдер туралы өлеңдері бар екен. Оған тұсауксерден кейін қазақ елінде түрмеде отырған Әйгерім, Қонар, Бағдагүл сынды нәзік жандар барын айтып едім, ол солардың құрметіне өлеңдерінің бірін қайталап оқып берді», — дейді Макс Боқаев.



