Заң үстемдігі
Тренд

Каспийдегі трагедия: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс бойынша Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 1-дәрежелі капитан қызметіне салғырт қарады деген күдікке ілінген. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, кейін сот санкциясымен қамауға алынған.

Қанат Ниязбеков Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен 3 қазанда босатылған болатын.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button