«Артқа шегінбеймін»: Спорт журналисі қорқыту-үркітулер болып жатқанын айтып мәлімдеме жасады
Соттайсыңдар ма, өлтіресіңдер ме, маңызды емес.

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қатысты қорқыту-үркітулер болып жатқанын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлады tiek.kz.
«Азия ойындары аяқталды! Айтатын дүние көп. Оны қазір бір постқа сыйдыра алмаймын. Елге аман-есен жеткесін, бір емес, бірнеше подкаст жазылады. Иә, қорқыту-үркітулер болып жатыр. Өте жоғары жақтан. Бірақ, осының бәрін мен айтпасам, кім айтады?!
Бұл жерде жеке басымның мүддесінен көрі, бүкіл отандық спорттың мүддесі жоғары. Сондықтан, бір адым да артқа шегінбеймін. Одан кейін соттайсыңдар ма, өлтіресіңдер ме, маңызды емес. Кезінді шындық үшін Махамбет атамның басын кескен. Бер жағында, яғни, өзім көзіммен көргенімді айтар болсам, Амангелді Сейітханды да біраз қудалып, біраз шеттетті. Ақыры өлтіріп тынды. Біз олардың қасында кімбіз?! Басқа түскенін көреміз. Ақиқат қымбат. Соның жолында құрбанбыз», — деп жазған ол өзінің instagram парақшасында.
Бұған дейін ол Геннадий Головкинмен сөзге келіп қалғанын айтқан еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



