Жылуды уақытында қоса алмаған: Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын жазалауды тапсырды

Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов жылу беру маусымы жоспарға сәйкес басталғанын айтты.
Оның сөзінше, жылу он бір өңірде беріле бастады. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және ауа райына қарай қосылады. Үкімет басшысы жылу көздері мен желілердің дайындығын қазан айының біріне дейін қамтамасыз етуді тапсырғанын атап өтті. Алайда Абай облысы жылу желілерін белгіленген мерзімде тапсыра алмаған.
Бұл міндетті бір өңірден басқасының барлығы белгіленген мерзімде орындаған. Тек Семей қаласында жылу желілерін дайындау жұмыстары уақытында аяқталмаған.
Осыған байланысты Премьер-министр Абай облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.



