Қоғам
Тренд

«48 әскери бөлімде шұғыл аудит жүргізіліп жатыр»: Әлихан Смайылов Тоқаевқа есеп берді

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

Қорғаныс министрлігіне қарасты 50 нысанда, оның ішінде 48 әскери бөлімде бюджет қаржысының жұмсалуы мен техникалық жағдайға қатысты жоспардан тыс шұғыл аудит жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Тоқаевтың қабылдауында айтты, деп хабарлады tiek.kz.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жүргізілген кезеңдік аудиттің аяқталған. Оның қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін Үкіметке және тиісті органдарға 57 нақты ұсыным мен тапсырма жолданған.

Ревизияны сапалы жүргізу үшін мемлекеттік аудит саласының білікті мамандарымен бірге байланыс және IT саласының тәуелсіз сарапшыларынан арнайы жедел топ құрылған. Тексерушілер әскери бөлімшелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, жеке құрамның жауынгерлік дайындығын, инфрақұрылымның жай-күйін және қару-жарақты жаңғыртуға бөлінген қаржының қайда кеткенін тікелей сүзгіден өткізуде.

Қабылдау барысында Мемлекет басшысы Бас аудиторға Қорғанминдегі аудитті тыңғылықты жалғастыруды және қадағалау тетіктерін түбегейлі жетілдіруді нақты жүктеді.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button