Қоғам
Тренд

Қорғаныс министрлігіндегі 3 жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қорғаныс министрлігіндегі 3 жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды. 

Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы қызметінен алынды. 

Алмаз Жұмакеев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды. 

Сондай-ақ Қанат Ниязбеков Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен кетті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Айта кетейік, сарбаздардың қаза болуына байланысты Қорғаныс министрлігінде кешенді аудит жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар әскери салада құрылымдық өзгерістер мен реформалар қолға алынған.

Аталған шаралар әскердегі тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтуге, басқару жүйесін жетілдіруге және жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button