Заң үстемдігі

Қаралы күнде тікелей эфирге шығып, би билеген блогер қамауға алынды

Антоненко TikTok-та тікелей эфирге шығып, көңілді әнге билеген. Көрермендер сын айтқанда, қаза тапқандарды танымайтынын, сондықтан жоспарын өзгертпейтінін жеткізген.

Петропавлда әлеуметтік желіде ұсақ бұзақылық жасаған блогер 10 тәулікке қамауға алынды.

«Полиция Жалпыұлттық аза тұту күні әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде теріс қылық жасаған Петропавл қаласының 42 жастағы тұрғыны Ирина Антоненконы анықтады. Аталған факті бойынша полиция тексеру жүргізіп, тиісті материалдарды жинақтап, сотқа жолдады. 29 қыркүйекте сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулік әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Оқиғаға заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілді», — делінген хабарламада.

25 қыркүйекте 42 жастағы Антоненко TikTok-та тікелей эфирге шығып, көңілді әнге билеген. Көрермендер сын айтқанда, қаза тапқандарды танымайтынын, сондықтан жоспарын өзгертпейтінін жеткізген. Бейтаныс адамдар үшін қайғыруды мағынасыз деп атап, ескертуді елемеген.

Антоненко полицияның алғашқы ескертуінен кейін кешірім сұраған видео жариялап, қамауға отыруға немесе айыппұл төлеуге дайын екенін айтқан. Оның сөзінше, сотқа дейінгі күні жұмыстан шығу туралы өтініш жазуға мәжбүр болған. Ол Петропавлдағы медициналық мекемелердің бірінде санитар болып істеген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button