Каспийдегі трагедиядан кейінгі тағайындау: Айдос Мырзахметов жаңа Қорғаныс министрі болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Жаңа басшы бұған дейін атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Tiek.kz.
Бұл маңызды кадрлық ауыс-түйіс Қарулы күштер үшін ауыр кезеңде жасалып отыр. Жаңа министр ведомствоны дағдарыс жағдайында қабылдап алды.
Бұрынғы министрдің отставкасы және тергеу
Айдос Мырзахметов бұл қызметте кеше ғана қызметінен босатылған Дәурен Қосановты алмастырды. Еске салайық, Қосановтың отставкасы Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің (оның ішінде офицерлер мен сержанттар бар) өмірін қиған ауыр трагедиядан кейін болғкн еді.
Қазіргі уақытта Аида Балаева бастаған арнайы комиссия Қорғаныс министрлігін жаппай тексеріп жатыр.
Жаңа министр Айдос Мырзахметов кім?
Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы әскери салада үлкен тәжірибе жинаған, жоғары кәсібилігімен көзге түскен кадр. Оның өмірбаянындағы негізгі белестер:
-
Білімі: 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын тәмамдаған.
-
Еңбек жолы: Взвод командирінен бастап, Мемлекеттік күзет қызметі (СГО) департаментінің бастығына дейінгі лауазымдық жолдан өткен. Қызмет барысында мінезінің беріктігін және қабылданған шешімдерге деген жоғары жауапкершілігін танытқан.
-
Соңғы қызметі: 2024 жылдың қаңтарында Президент Жарлығымен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалған.
-
Марапаттары мен шені: Көпжылдық ерен еңбегі, жауынгерлік борышқа және Отанға деген адалдығы үшін жоғары мемлекеттік марапат – ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.



