Экономика
Тренд

«Ұлттық қор – балаларға»: төлемдердің мөлшері артуы мүмкін

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша болашақ төлемдердің мөлшері артуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдағы үш жылда Ұлттық қордан бес триллион теңге алу жоспарланғанымен, қор активтерінің көлемі өсе береді деп болжанып отыр.

Соған сәйкес, инвестициялық кіріс те артуы мүмкін. Бұл балалардың есепшоттарына түсетін қаражат көлеміне де әсер етеді. Бағдарлама бойынша Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің елу пайызы он сегіз жасқа толмаған Қазақстан азаматтарының арасында тең бөлінеді. Қаражат кәмелетке толғанға дейін олардың есепшоттарында сақталады.

2027–2029 жылдары Ұлттық қордан алынатын бес триллион теңге маңызды нысандар мен жобаларды қаржыландыруға бағытталмақ. Ал биыл Үкімет Ұлттық қордан нысаналы трансферт алудан бас тартып, тек кепілдендірілген трансфертті сақтап қалды.

Президенттің  айтуынша, «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы іске қосылғалы 7 миллионға жуық қазақстандық баланың есепшотына қаражат аударылған.

«2024 жылдан бері «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионға жуық баланың есепшотына қаражат аударылды», — деді Қ. Тоқаев елордада республикалық Тамыз конференциясында.

Оның айтуынша, 2024 жылы — 695,5 миллион доллар, 2025 жылы — 888,8 миллион доллар, 2026 жылы — 901,7 миллион доллар қаражат аударылған.

 

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button