Экономика

Ұлттық банк базалық ставканы тағы төмендетті

Ұлттық банк базалық ставканы тағы да төмендетіп, 16,25% деңгейінде белгіледі.

Бұған дейін мөлшерлеме 17%-дан 16,75%-ға дейін төмендетілген болатын. Базалық мөлшерлеме – инфляцияны реттеуге бағытталған негізгі ақша-кредит саясаты құралдарының бірі.

Оның өзгеруі банктердегі кредит пен депозит мөлшерлемелеріне де әсер етеді. Ставка көтерілген жағдайда қарыз алу құны мен депозиттердің сыйақысы өсуі мүмкін, ал төмендеген кезде бұл мөлшерлемелер де төмендеуі ықтимал.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша жылына 8 рет шешім қабылдайды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button