«Бектенов үкіметі жаңа жылға дейін нәтиже көрсетуі керек» — депутат

Сонымен министрлер кабинеті түгенделді. Жаңа құрамда таныс есімдердің басым бөлігі өз қызметін сақтап қалды.
Дегенмен, бірқатар маңызды саланың тізгіні жаңа министрлерге тапсырылды. Президент ұсынған кандидаттарға келісім берген құрылтай депутаттарының пікірінше, алдағы 4 ай Бектенов үкіметі үшін сынақ болмақ. Себебі, министрлер кабинеті алдында ел экономикасын көтеру міндеті тұр,-дейді Құрылтай депутаты Ерлан Саиров.
Депуттаттың айтуынша, Үкімет алдында үлкен жұмыс тұр. Ол — бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыз және инфляция сынды ел экономикасына қатысты түйткілді мәселелерді шешу.
«Үкіметтің ендігі жұмысы осыған қатысты жаңа шешімдер таба ала ма соған байланысты. Үкімет алдында қаржы көзін табу міндеті тұр. Ол шикізатқа қатысты болмауы тиіс. Өндіріс, инвестиция секілді факторларға негізделуі тиіс. Яғни алдағы төрт ай Үкімет үшін үлкен сынақ болады», — деп атап өткен депутат pikirmedia сайтына берген сұқбатында.



