Әлем

Непалдағы апаттан көз жұмғандардың саны 900-ден асты

Ел билігі жеке басы анықталмаған мәйіттерді жаппай жерлей бастады. 

Непал мен Тибет шекарасындағы су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 900-ден асты.

Ел үкіметі жариялаған соңғы ақпаратқа сәйкес, Непалдағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 903 адамға жетті, 4 200 адам хабар-ошарсыз кетті, оның ішінде 592-сі – шетелдіктер.

Барлық зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Іздестіру-құтқару және гуманитарлық операцияларды жүргізу үшін 19 895 қауіпсіздік күштерінің қызметкері жұмылдырылды. Олардың қатарында Непал армиясының 8 399 әскери қызметшісі, 7 213 полиция қызметкері және Қарулы полиция күштерінің 4 203 қызметкері бар.

Билік өкілдерінің дерегінше, қазір күштік құрылымдар 10 461 адамды құтқарды.

Қайтыс болғандардың көп болуы қаза тапқандардың жеке басын анықтау өте қиын болып жатыр. Амалсыз ел билігі жеке басы анықталмаған мәйіттерді жаппай жерлей бастады.

Непалдың Читван аймағындағы орманда өткен демалыс күндері жеке басы анықталмаған екі жүзден адамның денесі жаппай жерленді.

«Басқа амалымыз қалмады. Сондықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болдық. Мәйіттердің тез шіруі халықтың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін деп алаңдадық», – деді Читванның Бхаратпур аудандық әкімшілігінің басшысы Ганеш Арьял.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button