«Тентек кәде»: таяқ жеген құданың тісі сынып, басы жарылған
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан бұл оқиға жақында Орал қаласында болған.

«Тентек кәде» дауына қатысты тың мәліметтер шығып жатыр.
Даулы видеоға қатысты оқиғаның мән-жайы баяндалған аудиожазба тарады. Аудиода әлеуметтік желілерде тарап жатқан бұл оқиғаның жақында Орал қаласында болғаны айтылады.
Аудио авторының айтуынша, той кезінде ауылдың «тентектері» кейпіндегі бірнеше адам оны ортаға сүйреп шығарып, кәде сұраған. Алайда бұл әрекет құдасына ұнамай, жұдырық жұмсаған.
«Талып қалып, 40 минуттан кейін травмпункте есін жиған. Заявление жазып тастап, сонымен істі болған жайдайым бар. Бірақ шешілгендей болды әйтеуір. Жігіттермен барып, кешірімімізді алып, кішкене тиын-тебенін беріп… Тісі кеткен, кафельге құлағанда қабырғасы сынған. Сосын басы жарылған. Бірақ, шүкір. Мичуринде сынықшы бар екен. Соған апарып келген екен», – дейді аудио авторы.
Алайда бұл ақпараттың рас-өтірігін әзірге ресми органдар растаған жоқ.
Сондай-ақ, оқиғаның нақты қашан болғаны және оған қатысты қандай да бір құқықтық шешім қабылданғаны туралы әзірге ресми мәлімет жоқ.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.



