Белгілі әнші, сазгер Ғазизхан Шекербеков Астанадағы концертінде Шәмші Қалдаяқовқа теңеп, сынайтындарға байланысты өз ойын айтты. Ондай теңеудің қайдан пайда болғанын да түсіндірді.
«Жақында бір пабликтер салып жіберіпті. Мен билетіп жатқанмын осындай концертте. Сахнада жүрмін ғой билеп. Тура сол жерін салып жіберіпті де «Қазіргі заманның Шәмшісі, бәрі соған риза болды» деп бірдеңе жазып қойыпты. Комментарий оқисың ғой астында. Ашып қалсам «Шәмшіден садаға кеткір!», «Шәмші бүйтіп ырбыңдамаған» — деп жазған. Мен айтқан сияқтымын соны. Мен айтқан жоқпын «Шәмшімін» — деп. Өздері қойып алып, өздерімен өздері қырылып жатыр әйтеуір. Кім айтты деп іздемейді де ғой. Мен айтқан сияқты.»
Сондай-ақ өнер иесі өзіне қай сазгер жақын екенін де жасырмады
«Оның үстіне маған Нұрғиса атам жақын. Шәмші атама қарағанда симпатичныйлау ма?.. Оркестрмен жұмыс істегеннен кейін, музыканттармен жасағаннан кейін сол кісінің шығармашылығы жақынырақ. Шәмші атам да жақсы. Бірақ Нұрғиса атам жақынырақ» — деп сөзін қорытындылады
Ғазизхан Шекербеков екінші ұлының аты Нұрғиса екенін де осы жерде ерекше атап өтті.
