Референдум: 8 млн-нан астам азамат дауыс берді

Орталық референдум комиссиясы қазіргі дауыс беру нәтижесін хабарлады.
Референдум барысында дауыс беруге құқы бар азаматтардың 64,43 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова мәлім етті.
Оның дерегінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16-00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:
1. Абай облысы бойынша – 69,29%.
2. Ақмола облысы бойынша – 71,33%.
3. Ақтөбе облысы бойынша – 77,65%.
4. Алматы облысы бойынша – 68,23%.
5. Атырау облысы бойынша – 64,33%.
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 60,61%.
7. Жамбыл облысы бойынша – 70,31%.
8. Жетісу облысы бойынша – 68,50%.
9. Қарағанды облысы бойынша – 72,63%
10. Қостанай облысы бойынша – 70,96%.
11. Қызылорда облысы бойынша – 82,02%.
12. Маңғыстау облысы бойынша – 68,19%.
13. Павлодар облысы бойынша – 68,41%.
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 60,70%.
15. Түркістан облысы бойынша – 72,39%.
16. Ұлытау облысы бойынша – 66,50%.
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 78,98%.
18. Астана қаласы бойынша – 47,76%.
19. Алматы қаласы бойынша – 28,16%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 72,61%.
— Жалпы, сағат 16-00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 64,43 пайызын құрады. Астана уақыты бойынша 16-00-де Вашигтон, Нью-Йорк және Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды, — деді Әсел Жанәбілова.



