Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум өтті деп танылды
Яғни дауыс берушілердің саны 50 пайыздан асты

Орталық референдум комиссиясы қазіргі дауыс беру нәтижесін хабарлады.
Соңғы деректерге сәйкес, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алып, дауыс берген. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 51,93 пайызы.
Яғни Қазақстанда ресми түрде референдум өткізілді деп санауға болатын межеге жеткенін көрсетеді.
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады», — делінген Орталық референдум комиссиясының хабарламасында.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай болды:
- Абай облысы 61,04 %
- Ақмола облысы 60,05 %
- Ақтөбе облысы 61,37 %
- Алматы облысы 56,13 %
- Атырау облысы 56,54 %
- Батыс Қазақстан облысы 49,97 %
- Жамбыл облысы 51,13 %
- Жетісу облысы 59,82 %
- Қарағанды облысы 57,32 %
- Қостанай облысы 56,51 %
- Қызылорда облысы 64,63 %
- Маңғыстау облысы 53,14 %
- Павлодар облысы 53,31 %
- Солтүстік Қазақстан облысы 52,37 %
- Түркістан облысы 58,03 %
- Ұлытау облысы 52,06 %
- Шығыс Қазақстан облысы 59,60 %
- Астана қаласы 40,68 %
- Алматы қаласы 21,68 %
- Шымкент қаласы 58,24 %



