Референдум
Тренд
Сіз жасаған конституцияны өзгертіп жатыр: Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді
Назарбаев журналистердің сұрағын елемей кетіп қалды.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс берді.
Ол өз таңдауын елордадағы №228 сайлау учаскесінде жасаған.
Дауыс беріп болған соң журналистер жаңа Конституция жобасы туралы экс-президенттің пікірін білмек болған еді. Алайда, Назарбаев ешқандай пікір білдірмеді.
Журналистердің сұрағына жауап беруден бас тарттты.
Назарбаев бір сәтке тоқтап, күлімсіреп, кейін бұрылып, ештеңе айтпастан кетіп қалды.



