Қоғам
Тренд

«Тоқалым боласың!»: белгісіз біреулер Димаш Құдайбергеннің ар-намысын таптап жатыр

Желіде белгісіз бір адамның әнші Димаш Құдайбергенге тіл тигізіп, қоқан-лоқы жасаған видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды tiek.kz.

Белгісіз адам өз жазбасында Димаш Құдайбергенге ән айтуға тыйым салғанын айтады.  Шыңғыра берме, қоймасаң, тіліңді кесіп аламыз деп қорқытқанын байқауға болады.

Ол аздай әншінің атына небір арсыз сөздер айтып, намысына тиеді. Соңында «Димаш, сені тоқал қылып аламын!» деуге дейін барған.

Жазба журналист әрі қоғам белсендісі Бекболат Қаржанның парақшасында жарияланды. Айтуынша, журналист Бас прокуратураның атына шағым түсірген.

«Құрметті Берік Ноғайұлы!

Бірнеше уақыттан бері фейсбук әлеуметтік желісінде мынадай арсыз, оңбағанның қазақтың біртуар ұлы, әлем жұртшылығын әнімен тербетіп жүрген, Қазақстанды әлемге танытып, тіпті, әлем жұртына қазақша ән салғызып отырған Дінмұхаммед Құдайбергеннің жеке басын қорлаған бейнежазбасы шығып жатыр.

Мұның Димашта ала алмай жүрген қандай әкесінің ақысы бар екенін білмей отырмыз. Бірақ, Димашты қорлау — қазіргі уақытта қазақты қорлау деп түсінемін. Сондықтан да шұғыл түрде мынау шіріген жұмыртқаны іздеп, тауып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 131-бабын (жеке басын қорлау), қоғамды арандату, Қазақстанның абыройын түсіру (Димаштың абыройы — Қазақстанның абыройы) әрекеттерін ескеріп, қылмыстық істі ашылуы керек.

Мұндай оңбағандар «Үй артында кісі тұр» дегенді қайдан түсінсін!? Димаштың артында әлем тұр. Мұндай иттерді тайраңдатсақ, біздің елге абыройсыздық алып келмейді.

Менің жеке фейсбук әлеуметтік парақшамдағы сілтемені назарға алып, Дінмұхаммед Құдайбергеннің жеке басын қорлап, қоғамды арандатып отырған мынау азаматқа іздестіру жариялап, қылмыстық істі тіркеуіңізді сұраймын», — деп жазған ол өзінің фейсбук парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button