Экономика
«Наурыз» бағдарламасы басталды: кімдер қатыса алады

Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдана бастағанын жария етті.
Қатысуға өтінім қабылдау мерзімі: 10.03.2026–31.03.2026 жыл деп белгіленнен.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады:
- Отбасы банкінің барлық салымшылары
- Депозиті бар және шотында кемінде 2 млн теңге жинағы бар клиенттер
- Соңғы 5 жылда өзінде де, отбасында да тұрғын үйі болмағандар
Өтінім беру тәсілі:
- Барлығы онлайн өтеді — Baspana Market арқылы
- Жеке кабинетке кіріп, өтінім беріңіз және нәтижені күтіңіз
Өтінім беру туралы толық нұсқаулық — парақшамыздағы актуалды стористе! (“Наурыз нұсқаулығы” бөлімінде)
Несие шарттары:
- Бастапқы жарна:
- Таза әрленген бастапқы
- тұрғын үй үшін – 10%-дан бастап
- Әрленбеген бастапқы немесе қайталама тұрғын үй үшін – 20%-дан бастап
Сыйақы мөлшерлемесі:
- 7 % (ЖТСМ 7,1 %-дан) — әлеуметтік осал топтарға
- 9 % (ЖТСМ 9,4 %-дан) — барлық қатысушыларға
Ең жоғары сома:
- 30 млн ₸ — өңірлерде
- 36 млн ₸ — Астана мен Алматыда
Мерзімі: 19 жылға дейін беріледі.
Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?
- Бірінші нарықтағы (жаңа) тұрғын үйлер — Астана, Алматы және облыс орталықтарында.
- Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үйлер — моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде.
Тұрғын үйді Baspana Market порталынан таңдайсыз.



