Қоғам
Тренд

Үйдің ауласына көмдім: Сәрсемәлиев екі адамды өлтіргенін мойындады

Бұған дейін Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі бойынша күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның әйелі Алматы қаласына жеткізілген.

Атырау қаласының маңындағы Геолог шағынауданында бұрын жоғалып кеткен Жангелдин ауылының тұрғындары Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері табылды. 

Мәліметке сәйкес, олардың денелері күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Ақбаян бұрын жалдап тұрған үйдің ауласынан табылған.

Бұған дейін Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі бойынша күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның әйелі Алматы қаласына жеткізілген.

Тергеу барысында Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың мәйіттерін Геолог шағынауданындағы жалдап тұрған үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Осы мәліметтен кейін Атыраудағы тергеу органдары аталған аумақта қайтадан іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде көрсетілген жерден екі адамның мәйіті табылған.

Жангелдин ауылының тұрғындарын іздеу жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айынан бері жүргізіліп келген.

Іздеуге полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылып, арнайы штаб құрылған. Үйдің аумағы мен айналасы арнайы техникамен, соның ішінде жер қыртысын зерттейтін құрылғылар арқылы тексерілгенімен, алғашқы іздеу нәтижесіз аяқталған еді.

Бұған дейін Жангелдин ауылындағы қорадан екі адамның мәйіті табылған.

Ал күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева кейін Индонезияда ұсталған болатын.

tiek.kz

Back to top button