«Сәпиевтің төбелескені дұрыс емес» — Қарағанды облысының әкімі (ВИДЕО)
Ермағанбет Бөлекпаев Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін елдің талқысына түскен мәселеге байланысты пікір білдірді
Аймақ басшысының айтуынша, олимпиада чемпионының орынбасарымен арадағы кикілжіңінен кейін спорт саласын тексермеген. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік шешімінен әрі аспапты деп хабарлайды Tiek.kz. Ал басқарма басшысының төбелесуі туралы сұрағанда
«Дұрыс емес» — деп қысқа қайырды
Сәпиевті бұл лауазымға тағайындаудағы жауапкершілік Спорт және туризм министрлігінің мойнында ма, әлде әкімнің бе? Әкім бұл сұраққа да жауап берді:
«Екі жерде де жауапкершілік. Әр салада болады. Адамның өзіне байланысты ғой» — деді
Олимпиада чемпионының шенеунік ретінде қызметі туралы да «біліктілігі деңгейінде қызмет етті» — деген баға берді. Тағайындалуы заңға сәйкес екенін де атап өтті. Барлық біліктілік талаптарына сай болыпты.
Бұған дейін Сәпиевтің мәлімдемесін жариялаған болатынбыз



