Қоғам
Тренд

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионға жуықтады

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының нақты санын жариялады

Ресми мәліметті бюроға сілтеме жасай отырып Tiek.kz сайты хабарлады. Ведомство дерегіне сәйкес, ел тұрғындарының саны 20 495 975 адамға жеткен. Бір жыл ішінде қазақстандықтар саны 212 576 адамға артқан.


Екі өңірде халық саны 2 миллионнан асты

Халық саны ең жоғары екі аймақ:

  • Алматы қаласы – 2 347 924 адам, бір жылда өсім 55 869 адам;

  • Түркістан облысы – 2 148 658 адам, алайда мұнда жылдық көрсеткіш 5 383 адамға кеміген.


Миллионнан астам тұрғыны бар өңірлер

2026 жылдың басындағы дерек бойынша бір миллионнан астам адам тұратын аймақтар:

  • Астана – 1 638 233 адам (+109 530);

  • Алматы облысы – 1 596 331 адам (+36 207);

  • Шымкент – 1 293 648 адам (+37 484);

  • Жамбыл облысы – 1 215 373 адам (-7 018);

  • Қарағанды облысы – 1 131 287 адам (-2 646).


Халқы ең аз өңірлер

Ең аз тұрғын тіркелген аймақтар қатарында:

  • Ұлытау облысы – 218 993 адам (-2 297);

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам (-8 015);

  • Абай облысы – 595 676 адам (-7 156).


Қала мен ауыл арақатынасы

Статистикаға сәйкес, урбанизация үрдісі жалғасуда:

  • қалаларда – 13 029 803 адам (+256 688);

  • ауылдарда – 7 466 172 адам (-44 112).

Бұл көрсеткіш ел ішінде тұрғындардың қалаға шоғырлану үрдісі күшейгенін байқатады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button