Жұмыс орнындағы қауіп күшейді ме? 57 адам зардап шеккен
Өткен жылы Қызылорда облысында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген тексерулер нәтижесінде 348 заңбұзушылық фактісі тіркелді
Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыстық департаментіне сілтеме жасап Tiek.kz хабарлайды.
Тексеру қорытындысы бойынша жұмыс берушілерге 235 нұсқама беріліп, соның 212-сі толық орындалған. Бұл жалпы көрсеткіштің 90,2 пайызына тең.
9,5 млн теңге айыппұл салынды
Еңбек заңнамасын бұзған тұлғаларға қатысты:
-
49 әкімшілік іс қозғалды;
-
2 ескерту жасалды;
-
жалпы көлемі 9,5 млн теңге айыппұл салынды.
Департамент басшысы Бектемір Жұмағұловтың айтуынша, оның:
-
8,6 млн теңгесі мемлекет бюджетіне түскен,
-
қалған сома заңнамаға сәйкес өндіріліп жатыр.
517 жұмысшының құқығы қалпына келтірілді
Өткен жылы жүргізілген тексерулер нәтижесінде:
-
517 жұмысшының бұзылған еңбек құқығы қалпына келтірілді.
Сонымен қатар өндірістегі қауіпсіздік мәселелері де назардан тыс қалмаған.
Жұмыс орнында 68 жазатайым оқиға тіркелді
2025 жылы облыс аумағында:
-
68 жазатайым оқиға тергеліп-тексерілді;
-
оның 39-ы еңбек қызметімен тікелей байланысты деп танылды.
Жазатайым оқиғалар салдарынан:
-
57 адам зардап шеккен,
-
бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп.
Еңбек инспекциясына 2 мыңнан астам өтініш түскен
Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторларының қарауына:
-
2124 өтініш түскен.
Олардың ішінде:
-
551 өтініш (25,9%) қанағаттандырылған;
-
473 өтініш (22,2%) құзыретіне қарай басқа органдарға жолданған;
-
1100 өтінішке (51,7%) заң талаптарына сай түсіндірме жауап берілген.
Тексеру жүйесі автоматтандырылды
Айта кетейік, бүгінде елімізде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы кәсіпорындардағы төтенше жағдайларды тергеу процесі толық автоматтандырылған.
Бұл еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, жазатайым оқиғаларды жедел әрі ашық тергеуге мүмкіндік беріп отыр.



