Мүгедектігі бар қазақстандықтар биыл қанша алады: жаңа төлем мөлшері жарияланды
2026 жылдан бастап Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар мен асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 10 пайызға артты
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми дерегіне сүйеніп Tiek.kz хабарлайды.
Өсім күнкөріс минимумының ұлғаюына байланысты енгізілді.
2026 жылы мүгедектік бойынша қанша төленеді?
Биыл жалпы ауру салдарынан мүгедек болып танылған азаматтарға ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері:
-
1-топ мүгедектігі – 111 872 теңге
-
2-топ мүгедектігі – 89 498 теңге
-
3-топ мүгедектігі – 61 021 теңге
Бұл төлемдер республикалық бюджет есебінен жүзеге асады.
Әлеуметтік сақтандыру қоры қанша төлейді?
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтарға қосымша төлем беріледі.
2026 жылғы 1 қаңтардағы орташа мөлшер:
-
еңбекке қабілеттіліктен айырылу бойынша – 72 409 теңге
-
асыраушысынан айырылу бойынша – 73 306 теңге
Бұл қаржы мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек төленеді.
Төлем мөлшері қалай есептеледі?
Министрлік мәліметінше, әлеуметтік төлем көлемі әр азамат үшін жеке анықталады. Есепке алынатын негізгі көрсеткіштер:
-
соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыс;
-
әлеуметтік аударымдар сомасы;
-
еңбекке қабілеттіліктен айырылу деңгейі;
-
асырауындағы отбасы мүшелерінің саны;
-
әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі.
Ал былтыр қанша төленді?
Министрліктің қорытынды дерегіне сәйкес, 2025 жылы:
-
мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша
746 млрд теңге әлеуметтік төлем берілді;
оның ішінде:
-
республикалық бюджеттен – 655,7 млрд теңге;
-
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан – 90,3 млрд теңге төленген.
2025 жылы қанша адам көмек алды?
-
мүгедектік бойынша жәрдемақы алғандар – 553,9 мың адам;
-
асыраушысынан айырылу бойынша – 191,9 мың адам;
ал әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы:
-
еңбекке қабілеттіліктен айырылған – 101,3 мың адам;
-
асыраушысынан айырылған – 68,6 мың отбасы.
Мемлекет қолдауы жалғасады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, әлеуметтік төлемдер жүйесі азаматтарды табысынан айырылған жағдайда қолдауға бағытталған және алдағы жылдары да сақталады.



