Қоғам
Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған полицей қайтадан басшылық қызметке тағайындалды
Ол ІІМ өкімімен Талғардағы оқиғадан кейін Алматы облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары қызметін босатылған еді.

Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған Серік Шалқаров Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды деген ақпарат тарады.
Ақпаратты Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Ол ІІМ өкімімен Талғардағы оқиғадан кейін Алматы облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары қызметін босатылған еді.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Талғар оқиғасынан кейін Серік Шалқаровпен бірге бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды:
- ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров;
- Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов;
- ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов;
- ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;
- ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров.
Еске салсақ, қайғылы жағдай 2024 жылғы 4 қазан күні Талғар қаласында болған еді. 16 жастағы Шерзат Полат әкесіне дүкенде көмектесіп жүргенде бір топ адамның қолынан көз жұмған еді.



