Саясат

Астанада «Әділет» партиясының съезі өтіп жатыр

Астанада «Әділет» партиясының II съезі өтіп жатыр. Жиыннан бұрын партия төрағасы Айбек Дәдебаев журналистерге қысқаша сұхбат берді. Төраға партияның ел жолында қызмет ететінін атап өтті.

Сұқбат барысында журналистер Аманаттың Әділеттен айырмашылығы және екі партияның бірігуі туралы сұрақ қойды.

«Аманат партиясының қаншалықты ауқымды жұмыс атқарғанын өздеріңіз де білесіздер. Елдің мұң-тұқтажын барынша билікке жеткізіп, жүйелі жұмыс атқарды. Оның қаншалықты терең жұмыс істегенін білесіздер. Алайда Аманаттың шешімі қаншалықты дұрыс немесе біздің ерекшелігіміз мынадай болады деп айту да сәл ертерек болар», — деп жауап берді журналистердің сауалына.

Партиянңың баспасөз қызметінің мәліметінше, съезд жұмысына партия делегаттары, қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің өкілдері қатысып жатыр.

Іс-шараға құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, телекоммуникация, туризм, кәсіпкерлік, энергетика, цифрлық технологиялар және мұнай-сервис саласын ұсынатын ірі салалық бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтардың және сарапшылық ұйымдардың жетекшілері қатысуда. Олар партия қатарына өтіп, бүгінде оның ұйымдық әлеуетін нығайтуға және бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға атсалысуда. Соның ішінде«PARYZ» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы, Қазақстанның Азаматтық альянсы, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы, Қазақстан инвесторлары қауымдастығы, Қазақстан байланыс операторлары қауымдастығы, Қазақстан автомобиль одағы және басқа да ұйымдар бар..

Съезд жұмысына «AMANAT» партиясының өкілдері де қатысуда. Аталған партияның «Әділет» партиясына қосылуы мәселесі съезд делегаттарының қарауына шығарылды. Сонымен қатар II Съездің күн тәртібіне партияның одан әрі дамуы, өңірлік филиалдарды құру және ұйымдық құрылымды нығайту мәселелері енгізілді.

Съезд қарсаңында стратегиялық сессия ұйымдастырылып, делегаттар партияның алдағы кезеңдегі басым бағыттарын талқыланады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button