
Астанада көлік жарылысы салдарынан ауыр жарақат алып, зардап шеккен бес адамның бірі ауруханада қайтыс болды.
Ол 31 мамырдан бері жансақтау бөлімінде жатқан болатын. Оқиға кезінде науқастың денесінің 90-95 пайызы күйік алып, аса ауыр жансақтау бөлімінде түскен еді.
Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, алған ауыр жарақаттарының салдарынан ер адам 8 маусым күні көз жұмды.
«Өкінішке қарай, көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, жарақаттардың салдарынан науқас қайтыс болды», делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының ресми хабарламасында.
Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 31 мамыр күні Астананың Аманжолов көшесінде болған еді.
Автокөліктегі газдың жарылуы салдарынан бірнеше адам ауыр жарақат алды, олардың қатарында балалар да бар.



