Әлем

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан Әзербайжанның бес азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылы салдарынан Әзербайжанның бес азаматы қаза тапты.

Бұл туралы Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Мәлімет бойынша, шабуыл кезінде екі жүк кемесінің экипажында жалпы саны 25 Әзербайжан азаматы болған.

Қаза тапқандардан бөлек, бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Ресей тарапы шабуылға украиналық дрондар қатысқанын мәлімдеді. Ал Украина әскери күштері Азов теңізі маңындағы бірнеше кемеге соққы жасалғанын растағанымен, оларды әскери жүк пен Украинадан әкетілген астық тасымалдауға қатысы бар нысандар деп атады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шабуылға ұшыраған Natra және Zircon кемелері Түркиядан Ресейдің Ростов-на-Дону қаласына бағыт алған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button