«Сәләфизм идеологиясының қазақ әйелдеріне келтірген зардабы енді көріне бастады» — заңгер

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында әйелдер мәселесіне қатысты тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды tiek.kz.
Заңгердің айтуынша, соңғы бір аптаның ішінде өзіне күйуінен озбырлық көрдім деп үш әйел көмекке жүгінген. Үшеуі де шариғат жолымен некеге тұрған, төртінші-бесінші әйел болған жандар.
«Сәләфизм идеологиясының қазақ әйелдеріне келтірген зардабы енді айқын көріне бастады.
Соңғы бір аптаның ішінде дәл осындай жағдайға тап болған үш әйел көмек сұрап жүгінді. Соның бірі қазір дағдарыс орталығында жатыр.
Үшеуі де шариғат жолымен некеге тұрған, төртінші-бесінші әйел болған жандар.
Айтуларынша, некеге дейін ер адамдар уәдені үйіп-төгіп, бар жағдайды жасайтынын айтып сендірген. Алайда шариғатпен неке қиылғаннан кейін шынайы бет-бейнелері ашылған.
Тіпті біреуі әйеліне: «Егер сені алатын мұсылман табылса, некеңді өзім қиып беремін», – дегенге дейін барған.
Қазақтың ер азаматтарын көп әйел алуға үгіттеп жүрген ағалар, мекенжайларыңызды беріңіздерші. Мына әйелдерді үйлеріңізге жіберейін.
Осы әйелдердің жанайқайын тыңдап, көз жасын сүртіңіздер.
Өйткені бұл – сіздердің уағыздарыңыздың нәтижесі», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Заңгер бұған дейін шымкенттік кәсіпкер Асет Қайыпбековке қатысты жазба жариялаған еді.
Жазбасында кәсіпкердің бірнеше жылдан бері шариғат жолымен некеде тұрған әйеліне зорлық көрсетіп келген.
«Ол ешкімнен қорықпайды. Байлығы мен байланысына сенеді. Тіпті сізге шығамын десем де, “Айгүл Орынбектің өзін ите……н”, – депті», – деп жазды Айгүл Орынбек.



