Қоғам
Тренд

Ақтауда мәслихат депутаты көз жұмған клиникада заңбұзушылықтар анықталды

Бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтауда мәслихат депутат Ербол Айтуов пластикалық операция кезінде көз жұмды деген ақпарат тараған еді.

Ақтауда пластикалық отадан кейін көз жұмған бұрынғы мәслихат депутатының ісіне байланысты клиникаға жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды tiek.kz.

Мәліметке сәйкес, медициналық мекемеде операцияға дейінгі толық тексерулер дұрыс жүргізілмеген, ал кей құрал-жабдықтар талапқа сай болмаған.

Сондай-ақ шұғыл көмек көрсетуге қажетті жабдықтар жеткіліксіз болған.

Бұдан бөлек, анестезия кезінде асқыну болуы мүмкін деген болжам да қарастырылып отыр. Тергеу барысында науқастың жағдайы операциядан кейін күрт нашарлағаны белгілі болды.

Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тексеру жалғасып жатыр. Ресми қорытынды тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтауда мәслихат депутат Ербол Айтуов пластикалық операция кезінде көз жұмды деген ақпарат тараған еді. Оқиға «Қасиет» клиникасында болғаны айтылған. 49 жастағы Ербол Айтуов 4 сәуір күні липосакция жасатуға барған. Марқұмның жұбайының айтуынша, отадан кейін наркоз әсерінен оның қан қысымы мен қант деңгейі күрт көтеріліп, комаға түскен. Бір айдан кейін ол ауруханада қайтыс болды. Марқұмның жақындарының айтуынша, дәрігерлер анестезия кезінде қателік жіберген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button