Мәдениет

Ұлытау жұрты Меруерт Өтекешоваға ақбоз ат мінгізді

Ұлытау облысының тұрғындары қазақ киносының аңыз актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға ерекше құрмет көрсетті. 

Жаңаарқа ауданында республикалық «Арқа аруы» байқауы ұйымдастырылды. Мәдени шараны депутат Аманжол Әлтай өмірден өткен жары Ақмарал Әлтайдың рухына арнаған.

Іс-шараға Жаңаарқа өңірінен шыққан бірқатар танымал азаматтар қатысты. Олардың қатарында Қанат және Света Айтбаевтар, тележүргізуші Динара Сәтжан да болды.

Байқауға арнайы құрметті қонақ ретінде «Қыз Жібек» фильміндегі рөлі арқылы халықтың сүйіспеншілігіне бөленген Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова шақырылған.

Ұлытау жұртшылығы өнер иесіне қазақы дәстүрмен құрмет көрсетіп, ат мінгізді. Көпшілік бұл сый-құрметті қазақ өнерінің көрнекті өкіліне көрсетілген лайықты ілтипат ретінде бағалады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button