Астанада ғылым мен агроиндустрияның өзара іс-қимылының жаңа платформасы талқыланады

2026 жылғы 29 мамырда сағат 17:00-де Nazarbayev University аумағында Қазақстанның ғылыми қауымдастығы мен аграрлық секторы арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған «Ғылым мен индустрия диалогы» дөңгелек үстелі өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара үстіміздегі жылдың 1-16 мамыраралығында Қазақстанның 10-нан астам өңірінде жүргізілген Dala.Camp Ұлттық мал шаруашылығы экспедициясының қорытынды кезеңі болмақ.
Кездесудің негізгі тақырыбы — университеттер, зерттеуорталықтары мен сала өкілдері арасындағы өзара іс-қимылдың практикалық тетіктерін қалыптастыру.
Дөңгелек үстел аясында экспедиция қорытындысы бойынша дайындалған аналитикалық есеп таныстырылады. Онда ет бағытындағы мал шаруашылығының қазіргі жай-күйі, агротехнологиялардың енгізілу деңгейі, мемлекеттік қолдау шараларының қол жетімділігі, сондай-ақ туризм мен мал шаруашылығы салаларындағы негізгі инфрақұрылымдық шектеулер жан-жақты көрсетілген.
Қатысушылар мынадай өзекті мәселелерге ерекшеназар аударады:
▪ ғылыми әзірлемелерді нақты секторға интеграциялау;
▪ қолданбалы зерттеулерді және аграрлық R&D (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлықжұмыстар) бағытын дамыту;
▪ қазіргі заманғы биотехнологиялар мен селекциялықшешімдерді енгізу;
▪ бірлескен салалық зерттеулер мен пилоттық жобаларды әзірлеу;
▪ ғылым мен индустрияның тұрақты диалогын қамтамасыз ететін тұрақты алаң құру.
Талқылауға мал шаруашылығы қожалықтарының, салалық қауымдастықтардың, ғылыми институттардыңөкілдері, эмбрионалдық биология, ветеринария жәнеагротехнология саласының мамандары, сондай-ақуниверситет профессорлары, декандары мен басшылығы қатысады.
Спикерлер:
— Саят Нүсіпов – NU Impact Foundation БасқармаТөрағасы;
— Жәнібек Кенжебаев – «Turan» Қазақстан мал өсірушілер қауымдастығының Басқарма Төрағасы және Dala.Camp қоғамдастығының негізін қалаушы;
— Ғылыми және бизнес қауымдастық өкілдері.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы ынтымақтастықтың нақты қадамдарын бекітуді, соның ішінде бірлескен жұмыс топтарын құруды және агротехнология саласында R&D-платформаны қалыптастыру бастамасын ілгерілетуді жоспарлап отыр.
Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, индустрия тарапынан қолданбалы ғылымға деген сұраныстың артуы және зерттеушілер қауымдастығының саланың нақты міндеттеріне қызығушылығы университет пен Қазақстанның агросекторы арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа моделіне берік негіз қалайды.
Сонымен қатар, шара аясында «Turan» қауымдастығының өкілдері бірнеше принципті сұрақтарға жауап іздейді:
— Қазақстанның мықты шаруашылықтары мен орасан зор әлеуеті бола тұра, еліміз неліктен әлікүнге дейін ет өнімдерін экспорттайтынжетекші елдердің қатарына қосыла алмайкеледі?
— Неліктен көптеген фермерлер қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары мен заманауи технологиялар туралы хабарсыз?
— Бірегей табиғи және тарихи нысандардың бар болуына қарамастан, еліміздің туристік локацияларына туристердің аз келуіне не себеп?
Dala.Camp Ұлттық мал шаруашылығы экспедициясы — Nazarbayev University және NU Impact Foundation ұйымдарының стратегиялық серіктестігімен жүзеге асырылған «Turan» Қазақстан мал өсірушілер қауымдастығының далалық білім беру медиа жобасы.



