Әлем

Конгода эбола вирусынан көз жұмғандар саны 136 адамға жетті

Конго Демократиялық Республикасында барлығы 543 күдікті жағдай тіркелген. Бұл туралы сейсенбі күні өткен баспасөз брифингінде елдің денсаулық сақтау министрі Роже Камба мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы. 

Оның айтуынша, Конго Демократиялық Республикасында барлығы 543 күдікті жағдай тіркелген, оның ішінде 32-сі зертханалық түрде расталған. Министр барлық өлім жағдайлары эбола вирусымен байланысты екенін атап өтті.

Роже Камбаның хабарлауынша, қазіргі уақытта эболаға қарсы емдеу орталықтарында 69 науқас медициналық көмек алуда. Вирустың таралуы жалғасып жатқандықтан, денсаулық сақтау органдары ауруды анықтау, науқастарды оқшаулау, байланыста болғандарды қадағалау және емдеу жұмыстарын күшейткен.

Эбола безгегінің өршуі 15 мамырда жарияланды. Бұл — 1976 жылдан бері Конго Демократиялық Республикасында эбола тіркелген 17-ші жағдай. Аурудың ошағы Итури провинциясында орналасқан, алайда расталған жағдайлар көршілес Солтүстік Киву провинциясында да тіркелген.

Індеттің қоздырғышы – Бундибугио штаммы, оған қарсы әзірге вакцина да, ресми түрде бекітілген ем де жоқ.

17 мамыр күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында эбола мен Угандадағы Эбола індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады

Көршілес елдер Руанда, Бурунди және Танзания  эпидемиологиялық бақылауды, шекаралық тексерісті және төтенше жағдайларға дайындық шараларын күшейтті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button