Астана мен Алматы әуежайына биометриялық бақылау жүйесі енгізіледі
Соның арқасында жолаушыларды тексеру уақыты 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқармақ.
Елімізде аэротакси қызметі мен биометриялық бақылау жүйелері енгізіле бастайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір отандық компаниялар пилотсыз сынақ ұшақтарын сатып алып, аэротакси үшін қону алаңдары мен операциялық орталықтардың құрылысын бастап кеткен.
Сонымен қатар ел әуежайларында Q-Gate цифрлық жүйесі кеңейтіледі. Соның арқасында жолаушыларды тексеру уақыты 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқармақ. Биыл Астана мен Алматы әуежайларындағы терминалдарға қосымша Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларында тағы 16 терминал іске қосылады. Келесі кезеңде Астана-Шымкент ішкі рейсінде биометриялық сәйкестендірудің пилоттық жобасы басталады.
Ал E-Freight жүйесі арқылы авиажүктерді рәсімдеу уақыты бір күннен бір сағатқа дейін қысқарады.



